Астана қаласында мектеп жәрмеңкесі өтті

Астана әкімдігінің алаңында 21 тамыз күні  оқушыларға арналған мектеп жәрмеңкесі өтті.

Сатылымда отандық өндірушілердің мектеп формалары сатылды. Тауарлар  базардың бағасынан төмен бағада қойылды. Мәселен, канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 50%-ға дейін, мектеп формасы 10%-дан 20%-ға дейін, аяқ киім 10%-дан 25%-ға дейін жеңілдікпен сатылды.

Айта кетейік, шара аясында Астана әкімдігінің ұйымдастыруымен концерт және қуыршақтар театрының қойылымы қойылды.