Бас мүфти Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне алғыс айтты

Кездесуге ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері мен ҚМДБ бөлімінің меңгерушілері қатысты.

«Біз сіздерден жырақта отырсақ та сіздердің барлық жағдайларыңыздан хабардар болып отырдық. Биылғы қажылық сапарына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі көп көмектесті. Айталық, қажыларға вакцина салдыруға және тікелей рейстің ұшуына тікелей атсалысты. Одан бөлек Қажылық миссиясының құрамында да Дін істері комитетінінің азаматтары болды. Барлық көмектері үшін министрлікке алғыс айтамыз. Бірігіп жұмыс жасағанның арқасында қажылық сапар барысында қиындықтар туындаған жоқ», — деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, жиын барысында қажылар елімізден Мәдина мен Жидда қалаларына  тікелей ұшып баруға мүмкіндік жасағандары үшін ҚМДБ мен Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне ерекше ризашылықтарын білдірді.

Еске сала кетейік, биыл еліміздің 2500-ден астам азаматы қажылық парызын орындап келген болатын.