Қазақстан мешіттерінде орысша уағыз айтылатын болды

Қазақстан мешіттерінде уағыз қазақ тілімен бірге орыс тілінде де жүргізілетін болды. Бірақ, барлығында емес, тек түрлі ұлт өкілдері тұратын елдімекендерде ғана.

Төрағаның айтуынша, қазір ел түрмелерінде экстремизм үшін жазасын өтеп жатқан қылмыскерлердің дені өзге ұлт өкілдері екен. Олар қазақ тілін түсінбегендіктен мешіттерде уағыз тыңдамаған. Теріс діни ағымдарға еріп кетуіне осы тіл білмеуі себеп болған дейді ол.

Сондай-ақ, Дін істері министрлігіне уағызды орыс тілінде қатар жүргізуді сұрап хат жазатын тұрғындар да көп екен. Шойкиннің пікірінше, мешітке келген адам уағызды түсінбей кетпеуі керек.

«Жастардың көбі қазақ тілін түсінбегендіктен дәстүрлі емес ислам ағымдарының жетегінде кетіп жатыр. Олар сондай-ақ, интернеттен теріс ақпараттарды көптеп сіңіріп алады. Деструктивті ислам ұстанушыларының қатары артуының себебі осы. Біз ҚМДБ басшыларына кейбір мешіттерде уағызды орыс тілінде де жүргізуді ұсынып көрдік», — дейді Ғ.Шойкин.

Естеріңізге салайық, мешіттерде орыс тілінде уағыз жүргізу мәселесі биыл қыркүйек айында көтерілген болатын. Дегенмен, қоғам белсенділерінің басым бөлігі бұл бастамаға түбегейлі қарсы екенін білдірді.

ДереккөзSkifNews