17 жастағы Сәбина Әзімбаева «Алматы аруы» атанды

Енді Сәбина Әзімбаева «Әлем аруы – 2018» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғайды.

Үш ай бойы бақ сынасқан 400 арудан финалға өткен 10 қыз видео таныстыру, көше музыкасына би, шығармашылық байқау, бетпердемен және кешкі көйлек киіп дефиле көрсетті.

Биылғы байқау «Сұлулық энергиясы» тақырыбында өтті. Кешті тележүргізушілер Данияр Хисметов пен Арай Алдоңғар, қаржыгер  Айжан Аманқұлова, КВН чемпионы Данияр Мақашев жүргізді. Байқауға арнап музыканы Arzuman жазды.

10 бойжеткеннің ішінен қазылар алқасы 17 жастағы Сабина Әзімбаеваны жеңімпаз деп тапты. Оған 25 адамның 23-і дауыс берді.

«Әлем аруы байқауында барымды салатын боламын. Мен үнемі байқауларға қатысып келемін. Олардың ешқайсысы оңай болған жоқ. Алайда жеңетініме үміт бар. Еңбегім зая кетпегеніне қуанып тұрмын», — деді Сабина Әзімбаева.

ДереккөзInform.kz