Көкшетауда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мәселе» атты облыстық байқау өтті

Сандықтаулықтар «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық конкурсында Ақмола облысының намысын қорғайды.

Конкурстың басты мақсаты қызметкерлер арасындағы мемлекеттік тілді білудің дәрежесін анықтау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тілді құрметтеуге және патриотизмге тәрбиелеу.

Қазақ тілін білу дәрежесін анықтайтын бұл конкурсқа Ақмола облысының сегіз ауданының мемлекеттік қызметкерлері қатысқан.

Әділ қазылар алқасының мүшелері облыстық мемлекеттік қызмет істері, жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өкілдері және тілдерді дамыту басқармасының мамандары болды.

Сандықтау ауданының «Парасат» тобының мүшелері Клара Ауезхан, Берік Еслям, Сәкен Даиров конкурстың барлық кезеңдерін өтіп, қазақ тілін білу деңгейлерін көрсетіп қана қоймай, өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Қорытынды бойынша «Парасат» тобы жүлделі бірінші орынды иеленді. Қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Әрі республикалық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» конкурсына қатысуға мүмкіндік алды.