Қытай билігі жанармаймен жүретін көліктерге тыйым салмақ

Қытай Халық Республикасының өнеркәсіп және ақпараттандыру министрі Сина Гуобиннің айтуынша, елде жанармаймен жүретін көліктерге тыйым салу арқылы көлік өнеркәсібін дамытып, экологияны жақсартуға болады.

«Өнеркәсіп ошақтары дәстүрлі көліктердің орнына электр көліктерін көптеп шығаруға тырысуы керек»,- деді ол.

Айта кетейік, былтырғы жылы қытайда 28 миллион көлік шығарылған. Оның 500 мыңы — электр көліктері.

Дәл осындай бастама Франция мен Ұлыбритания елдерінде де көтеріліп жатыр. Екі ел де 2040 жылдан бастап жанармай көліктерін шығаруға тыйым салмақ.