Газға көшірілген қазандықтар 45 млн теңге үнемдейді

Бұл жылу жүйесіне бөлінетін қаржының 45 млн теңгесін үнемдеуге көмектеседі, деп хабарлайды қалалық Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы хабарлады.

«Спасская» қазандығы мен «Каменское плато» шипажайының қазандығын газға көшіруден шамамен 45 млн теңге көлемінде қаржы үнемдеуге болады», — деді «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Сүйіндік Ахметов.

Түрксіб ауданындағы 5 қабатты тоғыз үйді жылумен, ыстық сумен қамтып отырған «Спасская» қазандығы 38,6 млн теңге, «Каменское плато» қазандығы 5,8 млн теңге үнемдесе, екі нысанның қоршаған ортаға келтіретін зиянды заттарының көлемі 2 есеге азаяды.

Сүйіндік Ахметовтің айтуынша, табиғи газды пайдалану арқылы шығарылатын жылу энергиясының құнын төмендетуге болады. Сондай-ақ, дизель мен мазут сияқты оны тасымалдау үшін көлік жалдаудың қажеттілігі жоқ. Әсіресе таулы аймақта орналасқан «Каменское плато» шипажайына қыста мазут жеткізу өте қиын болатын.

Айта кетейік, нысандарды қайта жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 24,5 млн теңге жұмсалды.