Қанат Ислам канадалық «Жаман баланы» қалай жеңді?

Қанат Ислам үшінші раундтың соңында қарсыласын оң қолымен нокдаунға түсірді. Бесінші раундта Қанат сол қолымен қарсыласын тағы да нокдаунға жіберді.

Нокдаун әрекеті сегізінші раундта орын алды. Келесі раундта Қанат Ислам бірден өз қарсыласын соққының астына алды. Брэндон Кук оған жауап бере алмады. Сол кезде төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

Осылайша, Қанат «Қазақ» Ислам теxникалық нокаутпен жеңіске жетті. Айта кетейік, аталған жекпе-жектің андеркартында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген 8 қазақ боксшысы өнер көрсетті.