Биыл ақылы жолдардың көлемі 841 шақырымға дейін ұзарады. Осылайша, «Астана-Атбасар» және «Қызылорда-Шымкент» тас жолдарының аралығы ақылы болады.
Ал, жолда ақша төлеу барысында кептеліс туындамау үшін абоненттік төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ биыл «Алматы-Талдықорған», «Ақтау-Бейнеу», «Астана-Теміртау» аралығындағы қозғалыс ашылады. Жалпы жыл соңына дейін республикалық маңызды 434 шақырым көлік жолы тапсырылады деп жоспарлануда.