Әлем барысы: Айбек Нұғымаров финалда

Жекпе-жектің 4-ші минутына дейін бір бүк ұпаймен және бір жамбас әдіспен Айбек ұтып жатқан еді. Бұдан кейін Серік Бердімұрат бүк ұпайын еселеп алды. Тартыстың аяқталуына 4 секунд қалғанда Серік барын салғанымен, жеңіс Айбектің қанжығасында қалды.

Моңғол балуаны төрешілердің бұл шешімімен келіспейтінін білдіріп, наразылығын білдірді. Алайда қазылар шешімі өзгерген жоқ.

Еске сала кетейік, қазақ балуандары арасында Айбек Нұғымаровпен бірге жартылай финалға Ержан Шынкеев те шыққан болатын. Алайда балуан Шынкеев грузиялық Гурам Тушашвилиден ұтылып қалды.

Енді жарыс финалында Айбек Нұғымаров грузин балуанымен кездеседі.