«KASE Қазақстан қор биржасы Директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылғы 08 ақпаннан бастап үш жыл өкілеттік мерзімімен KASE басқармасының төрайымы болып Алина Алдамберген Өтемісқызы сайланды», — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Алина Алдамберген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына Финанс» ЖШС бас директоры, Қаржылық нарық және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, «ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» АҚ-да және басқа да екінші деңгейлі банктерде басшылық орындарда жұмыс атқарған. Әр жылдары А.Ө. Алдамберген KASE Директорлар кеңесінің құрамында болған және тәуелсіз директор қызметін де атқарған.
Алина Алдамберген 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын үздік бітірген, 2007 жылы Рочерстер университетінің Е. Саймон Уильям атындағы Іскерлік Әкімшілендіру мектебін аяқтаған.