Қазақстан қор биржасының төрағасы болып Алина Алдамберген сайланды

«KASE  Қазақстан қор биржасы Директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылғы 08 ақпаннан бастап үш жыл өкілеттік мерзімімен KASE басқармасының төрайымы болып Алина Алдамберген Өтемісқызы сайланды», — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Алина Алдамберген «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына Финанс» ЖШС бас директоры, Қаржылық нарық және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, «ДАБ «ABN AMRO Банк Казахстан» АҚ-да және басқа да екінші деңгейлі банктерде басшылық орындарда жұмыс атқарған. Әр жылдары  А.Ө. Алдамберген KASE Директорлар кеңесінің құрамында болған  және тәуелсіз директор қызметін де атқарған.

Алина Алдамберген 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын үздік бітірген, 2007 жылы Рочерстер университетінің Е. Саймон Уильям атындағы Іскерлік Әкімшілендіру мектебін аяқтаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері республиканың 10 өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады.

Президент Shell компаниясының басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Премьер-министрдің орынбасары мемлекеттік қарыз туралы айтты

Мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 25%-ке төмен деңгейде қалыптасты. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Қазақстандықтар өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады

Қазақстандықтар несие алудан ерікті түрде бас тартуына болады. Бұл электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады.

Мемлекет басшысының қолынан кімдер шен алды?

Президент мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысып, жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ парламент ассамблеясы президентін қабылдады

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ парламент ассамблеясының президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.