Абу-Даби Плаза

Астана қаласының басшылығы Біріккен Араб Әмірліктерінің төтенше жағдайлар жөніндегі өкілетті елшісімен және “Абу-Даби Плазаны” салып жатқан «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшысымен кездесті.

Кездесу барысында «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшысы құрылыс аяқталған соң “Абу-Даби Плазада” 2 мың қазақстандық үшін тұрақты жұмыс орындары ашылатынын айтты. Сондай-ақ, екі жақ жергілікті мамандарды даярлау үшін арнайы бағдарлама жасауға келісті.

«Абу-Даби Плазаның” құрылысына 17 мың қазақстандық тартылған. Олардың 9,5 мыңы – инженер, кран операторы, қауіпсіздік техникасының маманы сынды жоғары санатты мамандар. Қазіргі уақытта олардың 3,5 мыңы ғана қалған.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйек күні «Абу Даби Плаза» көп қабатты ғимаратының аумағында жұмыс істейтін үндістер мен қазақтар арасында төбелес болған еді. Полиция бөлімшелеріне жеткізілген 41 адамның 8-і əкімшілік жауапқа тартылды. Қалғандары ескерту жасалғаннан кейін босатылды. Осыдан кейін халық елімізге сырттан жұмысшы алу шараларын сынға алып, олардың орнына қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз етуді ұсынған еді.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Пікір қосу