Енді «Эйр Астана» жолаушылары «Боинг-767» әуе лайнерлерінің борттарында кең жолақты жоғары жылдамдықты желіге қол жеткізді. Әуекомпаниясы Inmarsat’s Global Xpress (GX) Aviation мүмкіндіктерін пайдаланатын Rockwell Collins кабина жүйесін орнатты.
Жаңа қызмет, жолаушыларға интернетке қосылуына, лезде хабарлама алмасу үшін әртүрлі қолданбаларды қолдануға, әлеуметтік желілерге кіруге, аудио тыңдауға және дербес компьютерлер, планшеттер, смартфондар арқылы поштаны тексеруге мүмкіндік береді. Қызмет, «Боинг-767» ұшақтарының үшеуінде де эконом-класс және бизнес-класс салондарында қол жетімді болады.
«Эйр Астана» жолаушыларының таңдауына үш интернет пакеті ұсынылады. «Старт» 15 МБ, «Бизнес» 50 МБ, «Cупер» 100 МБ – бағалары тиісінше 1500, 4500 және 7500 теңгеден. Орташа қосылу жылдамдығы – секундына 2 Мб-тан 5 Мб-қа дейін.
«Эйр Астана» АҚ-ның коммерциялық және инженерлік шешімдер жөніндегі менеджері Андрей Гулев: «Эйр Астана» әуе компаниясының негізгі мақсаттарының бірі, ең жаңа технологияларды қолдану және жер бетінде болсын, бортта болсын, жолаушылардың талап-тілектерін әрдайым алдын-ала сезіп отыру. Біз Rockwell Collins-пен бірге Inmarsat’s Global Xpress жоғары жылдамдықты жүйесін енгізген алғашқы әуе компанияларының біріне айналдық. Бұл қызметтің іске қосылуға дайын болғанына және клиенттеріміздің ұшу уақытында пошта арқылы хат алмасу мен достармен әлеуметтік желілерде тілдесу қолайлығының жақсы жақтарын бағалай алатындарына бақыттымыз».
Inmarsat Aviation стратегиялық және бизнес дамуы жөніндегі аға вице-президенті Фредерик ван Эссен: «GX Aviation — бұл жылдамдығы, сенімділігі мен тұрақтылығы жағынан теңдессіз, арнайы кең жолақты байланысты бортта қамтамасыз ету үшін әзірленген, бүгінгі күннің нарықтағы бірегей өнімі. «Эйр Астана» кең фюзеляжды ұшақтарда мұндай байланысты әлемде ең алғашқы болып ұсынады және инновациялық технологиялар мен қызмет көрсетудің жоғары сапасына көңіл бөледі. Бұл, «Эйр Астана» әуе компаниясы мен серіктесіміз Rockwell Collins компаниясын қоса алғанда, бәріміз үшін елеулі оқиға болды».
2017 жылдың қазанында «Боинг-767» екінші ұшағында да жаңа қызмет түріне қол жеткізуге болады.
Еске сала кетейік, «Эйр Астана» тұрақты сапарларды 2002 жылғы 15 мамырдан бері жасап келеді, қазір оның бағыт желісіне Алматы және Астана хабынан жасалатын 60-тан астам халықаралық және ішкі сапар кіреді. Әуе компаниясының әуе флоты батыста шығарылған А320neo қоса, Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 ұшағының 31-нен құралған. «Эйр Астана» әуе компаниясы ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында 2012 жылы алғаш болып Skytrax халықаралық агенттігінің беделді 4 жұлдыз рейтингіне және Орталық Азия мен Үндістандағы Үздік әуе компаниясы атағына ие болды. Екі марапат та 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары расталды.
Ал Rockwell Collins компаниясы коммерциялық және үкіметтік қолданбалар үшін инновациялық, авиациялық және жоғары интеграциялық дамудың ізашары болып табылады. Авионика, салондағы электроника, коммуникациялар, симуляторлар мен тренингтер, ақпаратты басқару саласындағы шешімдерді халықаралық кадрлар әзірлейді, ал қызмет көрсету мен қолдау жұмысы 150-ден астам елде жүргізіледі.
Еске сала кетсек, Inmarsat plc – жаһандық ұялы жерсеріктік байланыс қызметтерінің жетекші провайдері. Компания 1979 жылдан бері жер бетінде, теңізде және әуеде үкіметтерге, компанияларға, және басқа мекемелерге жоғары жылдамдықты дерек алмасуды және сенімді телефон байланысын қамтамасыз етеді.