«Эйр Астана» әуе компаниясы IOSA қауіпсіздік аудитінен сәтті өтті

«Эйр Астана» әуе компаниясы IOSA (IATA Operational Safety Audit) 2017 жылы мамырда халықаралық қауымдастығының эксплуатациялық қауіпсіздігі бойынша алтыншы аудитті сәтті өтті. Келесі аудит 2019 жылға жоспарланған.

Соңғы аудит барысында құжаттаманың және IOSA-ның 1000 жуық стандарттарын орындалуына тәуелсіз тексеріс жүргізілді. Бұл стандарттарға корпоративтік ұйымдастыру және бақылау жүйелері, ұшуларды орындау, ұшуларды басқару және диспетчерлік қызмет, ұшақтарға техникалық және жердегі қызмет көрсету, борттық күтім, жүк операциялары және авиациялық қауіпсіздік жатады.

 «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостердің айтуынша, IOSA аудитінің нәтижелері әуе компаниясының қауіпсіздігі екенін айтып өтті.

«Қауіпсіздік әуе компанияның басты басымдылығы және IOSA аудитінің нәтижелері әуе компания қауіпсіздіктің ең жоғарғы халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамсыздандыруына көп көңіл бөлетіндіктің айғағы болып табылады», — деді Питер Фостер.

Айта кетейік, IOSA эксплуатациялық қауіпсіздік бойынша аудит дегеніміз — әуе компанияларда өндірісті басқару және бақылау жүйелерін бағалауға әзірленген тексерудің халықаралық жүйесі.