Отандасымыз Деши Дурсаева қол күресінен әлем чемпионы атанды

Бүкіләлемдік армрестлинг федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатына еліміздің атынан Деши Дурсаева мен Ораз Басаров барған еді.

Деши Дурсаева алтын медаль алды. Ол  — 2017 жылғы Азия чемпионы, 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шеберіне үміткер.

Ораз Басаров болса, екінші орынды қанағат тұтты. Ол — әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, халықаралық санаттағы спорт шебері.