6-7 қазанда Астанада ММА-дан Әлем чемпионаты өтеді

Әлем чемпионатына 30 елдің 100-ден астам спортшы қатысып, сегіз түрлі дәрежедегі әлем чемпионы титулына таласады.

Турнирге арнайы шақырылған қонақтар қатарында: әлемдік аралас жекпе-жектің  аңызға айналған тұлғасы, дүниежүзілік ММА қауымдастығының құрметті президенті Федор Емельяненко; қазақстандық боксшы, 2012 жылдағы олимпиада чемпионы, ЮНЕСКО-ның спорт жөніндегі ерікті елшісі Серік Сәпиев; әйгілі ресейлік жаттықтырушы Абдулманап Нурмагомедов; қазақ боксшысы, олимпиада чемпионы  Данияр Елеусінов және тағы басқалар бар.

Еске сала кетейік, бұның алдындағы ММА әлем чемпионаты 2016 жылдың қараша айында Қытайдың Макао қаласында өткен болатын. Ол кезде турнирге 23 елдің спортшылары қатысты.