Серік Ахметовтың түрмеде қамау жазасы бостандығынан шектеу жазасына алмастырылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының бапасөз қызметі хабарлады. Себебі, бұрынғы премьер-министр мемлекетке келтірген барлық шығынын қайтарып, қамауда өзін тәртіпті ұстаған. Енді қалған 4 жыл 26 күн жазасын Қарағанды қаласындағы үйінде өтеуі тиіс.
Есіңізге сала кетейік, Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсан айында мемлекеттің қаражатын қолды қылып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, қызметін асыра пайдаланды деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айрылған еді. 2016 жылдың наурызында жазасы 8 жылға дейін қысқартылды.