Көкшетауда Street Workout спорт алаңы ашылды

«Workout» (воркоут) – бұл «көшеде жаттығу» деген атпен танымал халықаралық жастар қозғалысы. Ол үшін ешқандай шығын шықпайды. Онымен кез-келген уақытта, кез- келген жерде: турникте, көлденең белдікте, швед қабырғасында, тіпті, көп қабатты үйдің баспалдағында да айналыса беруге болады. Басты мақсат — бұлшық еттерді жетілдіру, төзімді шыңдау. Бүгінде спорттың бұл түрімен айналысуға ниеттілер қатары жыл санап көбейіп келеді.

Аталмыш жоба қаладағы балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын оятуды көздейді. Алдағы уақытта қалалық мәдени және демалу саябағына орнату жоспарланған.

Спорт алаңының ашылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Көкшетау қаласы әкімдігі және республикалық Street Workout федерациясы қолдау білдірген.