Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Мұражайдағы практиканттар» фильмі түсіріліп жатыр

Фильмнің өндісірімен Aray Media Group компаниясы айналысып жатыр. Жобаның бас продюсері — Алмас Әлімжанов.

«Мұражайдағы практиканттар» — жастарға арналған фантастикалық хикая.

Хикаядағы басты рөлдерді танымал кино әртістері Ғани Құлжанов, Айгүл Иманбаева, Ернар Жұматаев, Әсел Акбар, сондай-ақ жас актерлар Нұрсұлтан Сыдық, Әсел Нұртазина, Данияр Оразаев, Таңсұлу Баталова және Жұлдыз Ерболат сомдайды.

«Мұражайдағы практиканттар» Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» ұлттық мемлекеттік бағдарламасының қамқорлығымен түсіріліп жатыр.

Түсірілім 2017 жылдың қазан айына дейін жалғасады. Сериал әрқайсысы 25 минут болатын 12 бөлімнен тұрады.

Мақалаға реакция

6 Пікір

  1. С
    Сундет 9 жыл бұрын
    Фильмде қазақтың тарихы, бастан кешкен ауыртпалықтарды айтатын фильм деп ойлаймын
  2. А
    Алмат 9 жыл бұрын
    Қызық болайын деп тұр егер хикая болса. Қазіргі шақ пен өткеннің арасында орын алған айтулы оқиғаларды сомдайтын болар
  3. А
    Айдана 9 жыл бұрын
    Мектеп жасындағыларды патриотизмге тәрбиелейтін фильм болады
  4. Е
    Еркін 9 жыл бұрын
    ого, міне бұл қызықты идея екен, үлкен сұраныс тудырары анық.
  5. К
    Керім 9 жыл бұрын
    біздің елде мұндай жанрдағы фильмдер жоқтың қасы ғой, әрі патриоттық сарыны да жоқ емес, бәрекелді.
  6. А
    Абай 9 жыл бұрын
    міне осындай заманауи бастамаларды құптаймын, жарайсыңдар!