«Алматы» қонақүйінің атауы өзгереді

«Astana Group» компаниясы қонақүйдің құрылысын өзгертіп, бастапқыдағы бейнесін қайта жасамақ. Алайда, қонақүйдің атауы өзгереді. Бұрын қонақүйдің фасадында атауы «Алматы» және «Алма – Ата» деп жазылса, енді «Almaty» атауымен жазылады.

Дизайн концепциясын әлемге әйгілі британдық Chapman Taylor компаниясының сәулетшілері дайындады. Олар MEGA Alma-Ata сауда орталығының және MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығының жобаларымен елге таныс.

Нұрлан Смағұловтың айтуынша, қонақүйді жаңалуға 3-4 млн доллар кетеді.

Дереккөз7kun.kz