Басқарма жүйелі түрде мәселелердің алдын алу тақырыптарына қатысты сот және құқық қорғау органдарының түсіндіруі бойынша аудандық, қалалық жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың қатысуымен семинарлар өткізіп тұрады. Тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен басқарма саласында мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде талқылау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызмет имиджіне теріс әсерін көрсетеді, азаматтардың сенімін бұзады, нарықтық экономиканың дамуына қауіп төндіреді, еліміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздігіне зиян келтіреді.
Аталған іс-шараларды өткізу басқарма қызметкерлері жұмысының ашықтығы мен айқындығына және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді. Сондықтан тек бірлесіп қана «сыбайлас жемқорлық» деп аталатын келеңсіз құбылысқа қарсы тұруға болады.
