Көкшетауда «Серпін-2050» бағдарламасымен 250 гранттық орын бөлінді

«Серпін» бағдарламасының алғашқы түлектері келер жылдың жазында қолдарына диплом алып шығады. Алдағы оқу жылына оңтүстік өңірлерден келетін студенттер үшін 250 гранттық орын бөлінген. Орта арнаулы оқу орындарында білім алған алғашқы лек ағымдағы жылдың ақпанында қолдарына мамандық иесі атанған құжаттарын алды. Өткен оқу жылында орта арнаулы оқу орындарында білім алған 138 түлектің 109-ы еңбекке орналастырылды.

Сонымен қатар студенттер жатақханамен тамақпен қамтамасыз етілген. Шәкіртақы да алады. Әр семестрді үздік бестікпен қорытындыласа, 15 пайыз шәкіртақысы да өседі. Жолақы да бағдарламада қарастырылған. Ең бастысы, ел экономикасының өркендеуіне серпін беретін жастардың қатары өсуде.