Көкшетауда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

Балаларға шара аясында тәттілер де берілді. Жүздеріне күлкі ұялаған балалар шараға шақырылған мультфильм кейіпкерлерін көріп мәз-мейрам болысты.

Жаңа оқу жылы басталар алдында балаларға бір мезет көңіл бөлуді қалаған ұйымдастырушылар, шара барысында балғындарға арнап дайындаған сый-сыяпаттарын тарту етті. Түскі астан кейін балалар билеп, сан түрлі қызықты ойындар ойнады. Осындай жылы кездесуді жылдар өткен соң да жылылықпен еске алып, өмірде бейімделуіне септігін тигізеріне сенімдіміз, — дейді қайырымдылық шара ұйымдастырушылары.