Көкшетауда «Өз үйіңді тұрғыз» жобасы іске асырылып жатыр

Ол үшін түрғындардан өтініштер қабылданып, тиісті органдармен жер алудың кезектілігі жасалады. Бүгінде Көкшетау қаласы бойынша баспана салу үшін жер алудың кезегінде тұрғандардың қатары көбейіп отыр. Сондықтан да, жер кезектілігін шамаман 5 мыңға дейін азайту үшін жаңа жоба алынған.

Қазір Көкшетау қаласының қорында 2291 гектар жер телімі бар екен. Олар Станционный, Бірлік, Сарыарқа, Красный Яр кенті мен Нұрлы көш шағын аудандарында орналасқан. Жауапты органдармен белгіленген жер телімдері енді Саян Көпжасаров сияқты кезекте 2004-ші жылдан бері тұрып келе жатқан қала тұрғындарына берілетін болады.