Бурабайда жыл басынан бері төтенше жағдайдан 188 адам құтқарылды

Осыған орай төтенше жағдай қызметкерлері өзен — көлдердің жағалауын аралап, халық арасында қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты үгіт — насихат жұмыстарын барынша күшейте түсуде.

Жыл басынан бері облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жедел құтқару жасағының көмегімен 188 адам құтқарылған. Олардың 44-і жасөпірімдер мен балалар көрінеді.

Аймақтағы суға шомылу маусымы аяқталғанша күштік құрылым өкілдері рейдтік іс-шараларды ұдайы ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл облыс тұрғындарының жазғы демалысы уақытында қауіпсіздікті сақтап, төтенше жағдайдың алдын-алуға өзіндік үлес қоспақ.