Алғашқы «Батыр арулар» республикалық байқауы өмірін әскери қызметке арнаған жандар туралы болды. Үміткерлер өтінім бергеннен бастап шешуші кезеңге дейін ауыр сынақтардан өтті. Олар оқ атты, граната лақтырды, әртүрлі кедергілерді өтті, өзеннен жүзіп өтті, қуатты жауынгерлік машиналарды басқарды.
Биылғы байқауға өтініш қабылдау ақпаннан басталды. 25 наурызға дейін байқауға қатысуға ниет білдіргендер сауалнаманы толтырып жібереді, өзі және ҚР Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет туралы әңгімелеп береді.
Екінші кезеңде Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында ашық дауыс беріледі. Ол 1 сәуірде басталып, 15 маусымда аяқталады. Барынша көп дауыс жинағандар байқау жеңімпазы атанады..
Естеріңізге сала кетсек, «Батыр арулар» — ҚР ҚК қыз-келіншек әскери қызметшілері арасында өткізілетін республикалық байқау. Бірінші байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен өтінім білдірген 123 әйел әскери қызметші қатысты. Сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірлігін, төзімділігі мен күшін дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталды. Байқау мәресінде қыз-келіншектерді кәсіби стилистердің ажарлану қызметі көрсетіледі және мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессия жүргізіледі.