Ақмола облысында «EQUUS» — сәйгүлік туралы сыр» фильмі түсіріліп жатыр

Ақпараттық тур шеңберінде деректі трилогияның болашақ түсірілім алаңын көруге сонымен бірге, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер де келді. Жобаның ғылыми кеңесшісі, белгілі археолог Виктор Зайберт шын мәніндегі сенсациялық жаңалықтың алдында атқарылған ауқымды жұмыстар жайлы айтып берді. Фильм негізінен сол жұмыстардың желісінен құрылмақ.

Жобаның қазақстандық тарабының өкілдері деректі фильм келер жылы көрерменге жол тартатындығын және ол әлемнің 50-ден астам елінде көрсетілетін болады деп сендіріп отыр. Қазіргі уақытта түсірілімге дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Халықаралық деңгейдегі түсірілім тобы жылқыны қолға үйреткен ежелгі көшпенділердің бейнесін көрсете отырып, әлемдік өркениеттің жаңа баспалдағына көтерілмек.