Ақмола облысында оқушыларға кітап тарату ісі басталды

Ал Көкшетаудағы мына №18-мектептің бүгінге дейін 500-ге жуық оқушысы қажетті оқулықтармен қамтылды.

Ал жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша кітаптар легі әлі күнге дейін келіп жатыр. 2, 5, 7-сынып оқушыларына арналған жаңа кітаптар «Атамұра», «Алматы кітап» және «Мектеп» баспасынан шыққан. Олардың саны артығымен әкелінген.

Жалпы әр оқушыға кемінде 14-15 оқулықтан келеді. Және алдағы оқу жылына дейін оқулықсыз қалған оқушы болмайды, — дейді білім саласының мамандары.