Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2,7 трлн теңге бөлінді

Жаңа бағдарлама аясында Ақмола облысы бойынша тұрғын үй құрылысына 2 трл. 717 млн. теңге бөлінген. Сол арқылы биыл 24 жоба қол алынбақ. Олар ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру, тұрғын үй салуды жеке меншіктің қолға алуын ынталандыру, несиелік тұрғын үйді салымдарының жүйесі арқылы салу, халықты жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету, үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау бағытында жүзеге асырылады.

Ал аймақ басшысының айт­уынша, аталмыш меморандум Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету туралы жүктеген міндеттерін жүзеге асыруға септігін тигізбек.

«2012-2016 жыл­дар аралығында облыс аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарлама­сын жүзеге асыру бағытында «Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары үшін  51,7  мың шаршы метр немесе 600 пәтер пай­далануға берілді. Жыл басынан бері «Н­ұрлы жер» бағдарлама­сын жүзеге асырыла бастады. Бағдарламада баспана мәселесін шешудің жаңа тиімді жолдары қарастырылған»,  — дейді М.Мырзалин.

Бұдан бөлек, биыл несиелік тұрғын үйдің құрылысына «Байтерек Девелопмент» акционерлік қоғамының қаржысын тарта отырып, 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Тұрғын үйлердің басым бөлігі Көкшетау қаласында, Центральный және Көктем шағын ауданында салынатын болады. Сондай-ақ, бағдарлама аясында  салымшылардың жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу бағытын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүзеге асырады.  Биыл банк салымшыларына 206 пәтер беріледі деп күтіліп отыр.

Атап өтетіні, бағдарлама аясында салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға да мүмкіндік бар. Биыл 15 жобаға жүргізіледі деп күтілуде. Ол үшін 954 млн. теңге қарастырылған.