Ақмола облысы АҚШ инвесторларымен әріптестігін арттыруда

Мұнымен қоса,  шикізатты қайта өңдеу,  ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруға қатысты жобалар да аталып өтті. Елшінің айтуынша, «ЭКСПО» көрмесі  қарсаңында Астанада, күзде Алматы қаласында ауқымды форум өтеді. Осы кездесулерге ақмолалық өкілдер қатысып, ұсынылған жобаларды талқылауға мүмкіндік бар. Тіпті, қарсы тарап  шағын және орта кәсіпті ширату үшін америкалық кәсіпкерлермен  кездесу ұйымдастыруға әзір. Осы бас қосудан соң  Ақмола облысынан ұсынылған жобалар жинағы  инфестициялық портфолио әзірленбек. Әрі қарай американдық инвесторларды тарту жоспары тұр.

Бұдан соң Джордж Крол «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының ұстаздарымен кездесті.  Бас қосуда өңірдегі білім саласындағы жаңалықтар, үш тілді білім беру жүйесіне көшу мәселесі қозғалды. Өз кезегінде елші бұл бастаманың болашағы зор екенін атап өтті.