Көкшетауда 120 оқушыға сөмке сыйға берілді

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтуде. Айта кетейік, Сбербанк акционерлік қоғамының аталмыш акцияға белсенділікпен қатысып келе жатқанына биыл 7 жылдың жүзі болған. Өткен 2016 жылы акция аясында оқушыларға 559 мың теңгеге көмек көрсетілсе, биыл 256 мың теңгеге 120 оқушыға кеңсе тауарлары толы сөмкелер табыстады.

Балалар бұл күні сыйлықтарға ие болып қана қоймай, шағын мерекелік кешті тамашалауға ммүмкіндік алды. Ал, ата-аналар болса, балаларын мектепке жинауға жан-жақтан қолдау көрсетіліп жатқанына ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, биыл қайырымдылық акциясы, қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады. Алғашқы он күннің қорытындысы бойынша өңірде 8 миллион теңгеге 500 оқушыға көмек көрсетілген. Ал өткен жылы аталмыш акция аясында 8 мыңнан аса оқушыға 61 миллион теңгеге мектепке қажет киім-кешек пен кеңсе тауарлары табысталған.