Ақмолалықтар медициналық сақтандыру жүйесіне оң баға беруде

Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары барысында анықталғалы өңір тұрғындарының 70 пайызға жуығы аталмыш жүйеге оң бағасын беріп отыр. Яғни, жаңа жүйе медициналық қызметтің сапасын арттырады деген сенім бар. Сонымен қатар әр адам Қор тізіміндегі кез келген емханада емделу құқықығына ие болады.

Бүгінде Көкшетау қалалық емханасы 83 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетеді. Оның 64 мыңы міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтауы қажет. Сондықтан бүгінде  емхана мамандары жаңа жүйені түсіндіру жұмыстарын жоғары белсенділікпен жүргізуде. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын биыл екі санаттағы азаматтар төлейді. Олар жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер. Ай сайын төленетін жарна мөлшері әзірге жұмыскер жалақысының 1 пайызын, ал 2018 жылдан бастап 1,5 пайызын құрайтын болады.  Жеке кәсіпкердің жарнасы 2 төменгі айлық жалақының 5 пайызын құрайды. Ал, ай сайын төленетін міндетті жарнаның ең жоғарғы мөлшері 3668 теңге 85 тиыннан аспауы керек.

Шілде айының жарнасын тамыздың 25-іне дейін екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» акционерлік қоғамының кез-келген бөлімшесі арқылы төлеуге болады.