Көкшетауда байкерлер байқауы өтті

Бұдан әрі облыстық туризм басқармасының жетекшісі Шынарбек Батырханов алыстан ат терлетіп келген шетелдік қонақтарды айтулы шарамен құттықтады.

Байкерлердің айтуынша байкерлер қозғалысы – бұл ең әуелі тұтастай еркіндік сезімі. Музыка мен мотоцикл мерекесін ұйымдастыруға облыстық туризм басқармасы сондай-ақ Елікті тау шаңғы базасының әкімшілігі мен Роад Бразерс байкерлер клубы ұйытқы болып отыр. Байқаудағы бір ерекшелік мұнда ең шулы қозғалтқышы бар мото техникалар өзара сынға түсті.

Мото клубтың алға қойған мақсаты туристерді барынша көптеп тарту арқылы өңірдің туристік әлеуетін арттыру. Елікті саябағында өткен мерекеге байкерлер отбасы, өздерінің ет жақын жора — жолдастарымен келіпті.

Бұл мото клубтың Елікті тау шаңғы базасында алғаш ұйымдастырылған байқауы. Алайда аталған тау шаңғы кешенінің әкімшілігі мен Роад Бразерс мото клубы сондай-ақ облыстық туризм басқармасы бұл шараларды дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.