Ақмола облысында 591 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді

Мектептерді жөндеу жұмыстары жоспарға сай. Биыл 55 нысанның күрделі және ағымдағы жөндеуіне 1,8 миллирад теңге бөлінген. Оқу ордаларын арнайы кабинеттермен жабдықтау да басты назарда. Себебі қазір бұл көрсеткіш небәрі — 49 пайыз.

Өңірде білім беру саласының мамандары жетпіспейді. Қазір 148 ұстаз керек. Олардың басым көпшілігі физика, химия, математика және ағылшын тілі мұғалімдері. Жоғары білімі бар тәрбиешілерге де қажеттілік үлкен. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті билік жұмыстар атқарып жатыр.

Конференцияда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған құндылықтарды оқушылардың бойына сіңірудегі ұстаздардың рөлі айтылды. Жаңа оқу жылында мектептерде осы тақырыпқа арналған ауқымды шаралар қолға алынбақ. Қорыта айтқанда, облыстағы барлық білім ордалары жаңа оқу жылына дайын.