Ақмола облысында биыл 115 мың оқушы мектепке барады

Валерий Гамазовтың айтуынша, облыстық бiлiм басқармасы ел Президентiнiң алға қойған мiндеттерi мен мақсаттарын жүзеге асырып, жас ұрпаққа сапалы бiлiм беру жолында жаңа серпiндi рухта жүйелi жұмыс атқарып келедi.

«Облыста 18 бiлiм нысанының құрылысы және қалпына келтiру жұмыстары басталды. Оның iшiнде 7-уi мектеп. Ағымдағы жылы оның 2-уi пайдалануға берiледi. Оған қоса, бiлiм беру нысандарына күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн 1,4 миллиард теңгеден астам қаражы бөлiндi. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайтуда қолға алынған. Мәселен, 1,1 миллиард теңгеден астам қаржыға оқулық сатып алынды. 460 миллион теңгеден астам қаржыға мультимедиялық және жаңа үлгiдегi оқу кабинеттерi мен жабдықтар сатып алынды», дедi басқарма басшысы.

Шара барысында бiлiм саласындағы түйткiлдi мәселелер талқыланып, алдағы 2017-2018 оқу жылының мiндеттерi белгiлендi. Осы орайда, облыс әкiмiнiң орынбасары Айна Мысырәлiмова педагогтар қауымын құттықтай келе, келешек жастарды отансүйгiштiкке, патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесiне тоқталды. «Бұл бағдарламаның негiзi туған ауыл, қала, өлкеге, оның тарихы мен мәдениетiне деген махаббаттан тұрады», — дедi А.Мысырәлiмова өз сөзiнде.

Конференция соңында бiлiм беру саласында жақсы жетiстiктерге қол жеткiзген мұғалiмдер мен оқу орындарының басшылары, балабақша тәрбиешiлерi облыс әкiмiнiң Алғыс хаттарымен марапатталды, бiрқатар ұстаздарға Ы.Алтынсарин және «Бiлiм беру iсiнiң үздiгi» төсбелгiлерiн тапсырды.

Соңғы жылдары облыстық бiлiм басқармасы «Бiлiм саласының үздiк ұйымы» атты облыстық байқауын дәстүрлi ұйымдастырып келедi. Биылғы жылы байқауға 13 ұйымнан өтiнiштер келiп түскен. Солардың арасында байқау жеңiмпазы Көкшетау қаласындағы №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясы аттанды.