Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысында егiн алқабын аралады

Нұрсұлтан Назарбаев аталған шаруашылықтың астық алқаптарын аралап, сол жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен кездестi.

Сондай-ақ астық дақылдарының ахуалы мен жиын-терiн науқанына дайындық жұмыстарын пысықтады.

«Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында не өндiремiз деген мəселе туындады. Ендi қазiр шығарған өнiмдi қайда сатамыз деген мəселе толғандыруда. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргiзiлуде», — дедi Н. Назарбаев диқандармен кездесуiнде.

Кездесу барысында шаруалар мемлекет тарапынан көрсетiлiп отырған қолдаулар үшiн Елбасына алғыстарын бiлдiрдi. Айта кетейiк, 2009 жылы құрылған «Ұмай жер» ЖШС-i бидай, майлы дақылдар өндiрумен айналысады. Шаруашылықтың 26 мың гектарға жуық жерi бар. Онда 130-ға жуық адам еңбек етедi.