Бүгін Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. 2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды.

Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Беларусь, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түрікменстан, Жапония және басқа елдер бар.

Ядролық қаруСондай-ақ, бүгін Семей ядролық полигонының жабылған күні. Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

Үндістанда бүгін ұлттық спорт күнін атап өтеді. Бұл мереке үнді спортшысы, көгалдағы хоккей бойынша ерлер командасының мүшесі Дхиан Чандтың құрметіне белгіленген. Чанд көгалдағы хоккей бойынша тарихта ең үздік спортшылардың бірі саналады.

Дхиан Чанд