Қазіргі уақытта Қазақстанның әр қаласынан жиналған оқушылар Қытайда жазғы демалыста жүр. Бұл туралы Қытайға жазғы демалысқа барған оқушыларды қабылдаған Қытай Білім министрінің орынбасары Тянь Сюэцзюнь айтты.
Қазақстандық оқушылар лагерьде Үрімші, Бейжің, Харбин қалаларында болып, жергілікті мәдениетпен танысады, оқу орындарын аралайды.
ҚХР Білім министрінің орынбасары Тянь Сюэцзюннің айтуынша, Қытайда білім алғысы келетін жастар саны артып келеді.
«Қазақстан біздің батыстағы ең үлкен көршіміздің бірі. Қытайда мынадай бір жақсы сөз бар: «Алыстағы туысыңнан іргедегі көршің артық» деген. Бүгінде Қытайға келіп жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан студенттердің саны 14 мыңға жетсе, сіздерге барып оқитын қытайлық жастардың да саны жыл санап артып келеді. Бұл жолы Қазақстаннан келген 138 адам елдің әр аймағын көрді, жақыннан танысты. Біз бұл шараны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз»
Айта кетейік, қазір көрші елде білім алып жатқан 14 мыңға жуық студенттің 1100-і тегін оқиды.