Тәжікстан билігі оқушылар мен студенттерге талапты күшейтті

Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саидтың айтуынша, ережені бұзған студенттер ЖОО-дан үш жылға шеттетіледі.

Тәжікстанның білім министрлігі оқушылардың киіміне қатысты талаптарды да күшейтті. Білім министрлігінің ресми сайтында жарияланған ережеге сәйкес оқушыларға мыналарға тыйым салынады:

  • хиджаб,
  • тар, жыртық джинсилер, (қыс мезгілінде қарапайым джинсы шалбар киюге рұқсат беріледі),
  • қысқа және тар белдемше,
  • Жарнамасы бар футболкалар,
  • спорт киімдері (дене шынықтыру және сенбіліктен тыс уақытта киюге болмайды),
  • құлаққа бірнеше сырға тағу,
  • макияж,
  • тырнақты өсіру,
  • сақал өсіру,
  • татуировка жасау.

Ал ұлттық киімдер мен тақия киюге рұқсат беріледі екен.

ДереккөзCentralasian.org