Қазақстандық JAC көлігінің алғашқы партиясы Тәжікстанға жөнелтілді

«Азия Групп Тәжікстан» холдингіне Қазақстаннан алғашқы партиямен 55 автокөлік жеткізілді. Олардың жалпы құны 600 мың долларды құрайды.

Жоба аясында Тәжікстанға барлығы мың JAC автокөлігі жіберіледі. Оның жалпы құны 10,5 миллион доллар болмақ.

Айта кетейік, Душанбеге жеткізілетін көліктер СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорнында жасап шығарылған.