Польшалық делегация Ақмола өңірінде болды

Ақмола облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша кездесуде мәртебелі меймандармен екіжақты  ынтымақтастық және сауда-экономикалық  байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Бүгінгі таңда Ақмола облысы мен Польша Республикасының арасында сауда-экономикалық  байланыс нығайып келеді.Әсіресе, білім, туризм саласында оң нәтижелер бар. Соңғы кездеріоблыс аумағындағы жиһаз және косметикалық өнімдер шығаратын «Ормис-Строй» және «Блюз» тәрізді жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері польшалықтармен тығыз әріптестік қатынас орната бастаған.

Бұл жолғы кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен қаралды. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ақмола өңірінде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Богдан Дыюкмырза өздерін жылы қарсы алғаны үшін облыс әкімінің орынбасарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, мәртебелі меймандар өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, астаналық облыспен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді.