Мешітке келуші жастар Алматы қаласының мұражайларын аралады

Клуб мүшелері барған Дүкенұлы атындағы ұлт-аспаптар мұражайында халқымыздың өткен тарихын бүгінге жеткізуде маңызды орын алатын ұлттық аспаптарымызбен және олардың шығу тарихымен танысты. Алматы мұражайында қаламыздың пайда болғаннан тәуелсіздік алған уақытына дейінгі тарихи құнды жәдігерлерді көріп, қала тарихында өткен кезеңдерде саяхатта болып қайтқандай сезімде болды.

Ал А.Байтұрсынұлының мұражай-үйінде «Жас жамағаттықтар» ұлт ұстазына айналған Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды өмір жолы мен оның халқымызға сіңірген еңбектері жайлы мол мағлұмат алды.

Үш аптадан бері жалғасып келе жатқан мұражайларды аралау іс-шарасы әлі де жалғасын таппақ.

Айта кетейік, «Жас жамағат» клубын Алматы қаласы әкімдігі, «Дін істері жөніндегі басқармасының» бастамасымен «Жауһар» қоғамдық қорымен Алматы қаласының Жастар ісі бөлімі бірлесе құрған.