Астанада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Кеңеске діни бірлестіктердің, Қазақстан халық Ассамблеясының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар дінтанушы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту және алдын алу саласындағы діни бірлестіктердің қызметін жетілдіру туралы мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің қызметкерлері елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту үшін қазіргі қоғам дамуының ақиқатын ескере отырып дін саласындағы заңнаманы одан әрі жаңғырту маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының, Қазақстанның православ шіркеуі, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері және сарапшылар жастарға рухани-адамгершілік білім беруде діни қауымдастықтар рөлін атап өтті, сондай-ақ халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін жоғарылату бойынша және діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері көтерілген мәселелер туралы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастардың жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ізбасарлары алдын алуға және оңалтуға бағытталған ұсыныстар жасады.