Державинск қаласындағы стадион жөнделді

Державинск қаласындағы стадионның құрылысы үшін «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бюджеттен 100 миллион теңге қаржы бөлінген. Нысан 1500 көрерменге арналған. Стадионда футбол, 400 метрге жүгіру, ядро лақтыру, волейбол, баскетбол тәрізді спорт түрлеріне қажетті жарыс алаңдары бар.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша аталмыш стадионда Ақмола облысының 30-шы «Ақ бидай» спартакиадасын өткізу көзделген.