Жанат Жақиянов ирландиялық Райан Барнетке қарсы дайындығын бастады

Оның алдағы кездесуі 21 қазан күні Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді. Қарсыласы – IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт. Ирландиялық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Қазіргі уақытта Жанат Жақиянов Англияның Манчестер қаласының маңында орналасқан Рикки Хаттонның залында дайындалып жатыр.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов осыған дейін 27 кездесу өткізіп, тек біреуінде жеңіліс тапқан.

ДереккөзKaz.vesti.kz