Ақмола облысының ХХХ «Ақ Бидай» спартакиадасы өтеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне қарағанда спартакиада футбол, волейбол, ерлер мен әйелдер командалары арасында, шахмат, дойбы, үстел теннисі, жеңіл атлетика, отбасылық старттар тәрізді спорттың 7 түрі бойынша өтеді деп жоспарланған.

Оның ішінде үстел теннисі А.Үкібаев атындағы орта мектептің спорт залында, ал шахмат және дойбы бойынша жарыстар аудандық мәдениет үйінде өтеді. Жалпы, жарыстар спорт кешенінде өткізіледі. Волейбол жарысында 6 әйелдер және 6 ерлер командасы қатысады. Ал, футболға 4 команда қатысады, оның ішінде Жарқайың ауданының да командасы бар. Жеңіл атлетика мен отбасылық старттар «Жастар» алаңында өтетін болады.

Сонымен қатар, қазылар алқасының делегация басшыларымен отырысы 24 тамызда сағат 18.00-де аудандық мәдениет үйінде өтеді деп күтілуде.

Жарыстың салтанатты ашылуы 24 тамыз күні сағат 20.00-де орталық «Жастар» стадионда басталады. Сағат 21.00-де орталық алаңда отандық әртістердің қатысуымен мерекелік концерт пен отшашу өтеді.