Отандық «Заря» аяқ киімдері Ресейге экспортталмақ

«Қазақстанда жасалған» деген таңбамен сатылып жатқан аяқ киімдер былғары және қолтырауын терілерінен жасалған. Аталмыш цех ерлер, әйелдер және балаларға арналған қыстық, жаздық және спорттық секілді 27 түрлі аяқ киім шығарады.

Цех иесі шикізаттың басым көпшілігін Шымкенттегі қаракөл зауытынан және  Алматы мен Семей қалаларынан алып отыр.

Бүгінде отандық өнімді өндіруші кәсіпкер Ресейліктермен келіссөз жүргізген. Келісім оң нәтижесін берсе, олар айына 1000 жұптан астам өнім алмақ.

Айта кетейік, өнімнің бағасы аса қымбат емес. Мәселен, ерлерге арналған аяқ киім 5-10 мың теңге, әйелдер аяқ киімі 5-15 мың теңге төңірегінде. Ал,  балалар аяқ киімі 4000-8000 теңгеден сатылады.

ДереккөзInform.kz