Уəли ханның кесенесі абаттандырылуда

Кесененің абаттандыру жұмыстарымен танысуға барған аймақ басшысы Мəлік Мырзалин жергілікті дін өкілдері, ардагерлер, тарихшылар және ханның ұрпақтарының қатысуымен ханның басында құран оқытты.

Еске сала кетейік, Зеренді ауданындағы Қазақстан ауылының оңтүстік-шығыс жақ тұсында орналасқан Уəли хан кесенесі 2008 жылы ханның 270 жылдығына орай тұрғызылған. Ескерткіш қызыл кірпіштен төрт бұрышты етіп қаланған. Төбесіне жарты айы бар күмбез орнатылған. Жалпы аумағы 1920 шаршы метр, қабырғаларының биіктігі 8 метрді құрайды. Уәли ханның сүйегі өз заманында түрлі саяси қайшылықтарға байланысты өзге қазақ хандары сияқты Түркістанда емес, туған жерінде жерленген.

Бұл аталмыш бағдарлама бойынша облыста жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба.

Хан кесенесін жаңғырту жұмысына Борис Козлов басқаратын «Азия-Агрохим» серіктестігі демеушілік көмек ретінде 6,5 миллион теңге қаржы бөлген. Ол қаржыға ескерткіштің аумағы қоршалып, бедер тастар төселді. Сонымен қатар, ханның басына мінəжат етушілер мен туристер үшін орындықтар орнатылып, ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған.