Астанада жас режиссерлердің республикалық форум-фестивалі өтеді

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында 2-8 қыркүйекте Қазақстан Театрлары ассоциациясы жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I форум-фестивалі ұйымдастырылады.

Шараның басты мақсаты – талантты жас режиссерлер шығармашылығына қоғам мен қалың көпшіліктің назарын аудару.

Форум-фестиваль жас театр режиссерлерінің шығармашылығына жол ашпақ. Шара барысында пікірталастар, лекциялар, шеберлік-сыныптары, семинарлар бағдарламалары ұйымдастырылады.

Фестивальге республикамыздағы 20-40 жас аралығындағы жас режиссерлер Елік Нұрсұлтан, Дәурен Сергазин, Дина Құнанбайқызы, Рүстем Жаныаманов, Болат Абдрахманов, Фархад Молдағалиев, Жұлдызбек Жұманбай, Гүлнәз Қамысбаева, Мейрам Хабибуллин, Айдын Салбановтар қатысады.

Айта кетейік, алты күн бойы Астана қаласының тұрғындарына әр облыстағы қазақ театрларының қойылымдары көрсетіледі.